Кітапхана тарихы
Кітапхана өзінің тарихынын бастауын Шұбарқұдық станциясында 1954 жылдан бастаған.
1964 жылы 4453 кітап қоры болды. Ол кезде кітапхана меңгерушісі болып Екатерина Васильевна Левочкина, кітапханашы болып Өтепова Әсима Жұмабайқызы жасады.
1972 жылы кітап қоры 20553 болып, кітапхана меңгерушісі Өтепова Әсима Жұмабайқызы қызмет атқарды,
1979 жылы Темір аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі болып орталықтандырылды. Орталықтандырылған кітапхананың директоры болып Әсима Жұмабайқызы тағайындалды. Аудандық орталықтандырылған кітапхананың 28 бөлімшесі болды.
1997 жылы осы бөлімшелердің 26 қысқартылып, аудандық және Шұбарши, Алтықарасу кітапханалары қалды. Ақсай кітапханасын ЖШС келісім шартпен алып қалды.
1997 жылдың наурыз айынан орталықтандырылған кітапхананың директоры болып Нұрғалиева Базаргүл Нұрашқызы тағайындалды.
2000 жыл - Мәдениет қолдау жылына байланысты 2000-2001 жылдары 7 кітапхана қайтадан ашылды.
2005 жылдың 17 ақпанынан бастап "Темір аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" Мемлекеттік мекеме болып құрылды.
2007 ж. 1 қараша айынан орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болып Жұмағалиева Әсия Нұрқасымқызы тағайындалды.
2008 жылдан кітапханаларды жаңарту бағдарламасы бойынша Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе "РАБИС" бағдарламасының "Катологизатор", "Іздестіру-тапсырыс" модульдері бойынша жұмыс жасауда.
2009-2011 жылдары 3 кітапхана ашылды.
Қазіргі таңда 13 кітапхана халыққа қызмет жасайды.